Сингапурда көшедегі тәртіпті робот-полицей бақылайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сингапурда көшедегі тәртіпті робот-полицей бақылайды

08.10.2021

Сингапурда көшедегі тәртіпті робот-полицей бақылауға кірісті. «Хавьер» есімді аппарат мәдениетсіз көрінген тұрғындарға ескерту жасайды немесе дұрыс жүруге кеңес береді. Жеті көзі болғандықтан, төрт дөңгелекті робот жан-жағын түгел қадағалап отырады. Сонымен қатар, ол тротуарларға көлік қоймауды ескертіп, темекіні тиісті жерде ғана тартуға үндейді. Бұған қоса, «Хавьер» карантин ережесі бойынша бір жерге адамдардың көптеп жиналуына жол бермейді екен.


Хабарламаларға жазылу