Вашингтон кітапханаларынан қазаққа қатысты оннан аса кітап табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтон кітапханаларынан қазаққа қатысты оннан аса кітап табылды

25.12.2023
Вашингтондағы кітапханалардан қазақ халқына қатысты бірнеше кітап табылды. Соның бірі – 1925 жылы Нью-Йорк баспасынан шыққан «Дала халықтары» кітабы болса, тағы екі туындыда қазақ ертегілері басылыпты. Бұл шығармалар қазақ-американ мәдени байланысы әріде жатқанын көрсетеді. Тарихи мұраларды зерттеп жүрген журналист – Дүйсенәлі Әлімақын.

«Болашақ» бағдарламасы арқылы АҚШ-та тағылымдамадан өтіп жатқан Дүйсенәлі Әлімақын қазақтар жайлы батыс зерттеулерін табуға мықтап кіріскен. Осы кезге дейін Вашингтондағы кітапханаларды түгел аралап мұрағаттарын қопарып шықты. Еңбек еш кетпеді. Тағы үш кітапты тізіміне қосты. Солардың бірі - жазушы және тарихшы Ральф Уинстон Фокстың 1925 жылы жарыққа шыққан «Дала халықтары» атты алғашқы зерттеу кітабы. Бұған дейін Батыс сахатшылылары ақ патшаның құйтұрқы саясатының ықпалында кетіп, қазақ пен қырғызды бір атумен жазып келсе, британиялық журналист өз еңбегінде екі ұлтты шатастырмау қажетін түсіндіреді әрі сол кездегі қазақтардың қоғамдық тарихи саяси жағдайына кеңінен тоқталады.

Дүйсенәлі Әлімақын, зерттеуші:

1916 жылғы қазақтардың орыс патшалығына орыс үстемдігіне қарасы көтіріліс туралы жақсы ақпараттарды айтады. Олардың не үшін өз мекендерінен босып кеткенін айта келе мынадай суретті береді. Көшіп бара жатқан қазақтың шынайы бейнесі. Сосын Мәскеудің қысымы, қазақ жеріне басқа да көзаралтушылықтар. Сондай тарихи. Фактілерді осы кітапта айтады.

Дүйсенәлі тапқан тағы екі кітапта қазақ ертегілері басылған. Мәселен, 1961 жылы жарық көрген «Әлем халықтарының ертегілер» антологиясына «Алдар көсенің сиқырлы тоны» атты ертегі енсе, 1986 жылы ағылшын тіліне аударылған «Совет одағы, Орталық Азия және Қазақстан ертегілері» атты суретті кітапқа қазақтың «Сатып алған түс» атты ертегісі басылған. Соңғысына қылқалам шебері Меңдібай Әлиннің арнайы салған суреттері қоса беріліпті.

Дүйсенәлі Әлімақын, зерттеуші:

Бір Вашингтон қаласының кітапханаларынан осындай ондаған кітаптар табылды. Бәрі қазаққа қатысты деректер. Ал АҚШ-ғы басқа штаттардағы кітапханаларды ақтарса одан да мол деректер табылары сөзсіз. Себебі, батыс ғалымдарды бізді зертеуді сонау арғы ғасырларда бастаған.

Батыс саяхатшылары 19 ғасырдан бастап белсенді түрде қазақ даласын шарлап, жан жақты зерттей бастаған. Оған дәлел осы Конгресс кітапханасының өзінде Түркістан өлкесі туралы 1876 және 1885 жылдары шыққан екі кітап бар. Орталық Азияға арнайы барлау масақтымен келіп, мағұлмат жинағандар да аз болмады. Сондықтан зерттеушінің пікірінше, мұндай туындылар көптеп табылса, қазақтың сол замандардағы қоғамдық тұрмыстық жағдайына қатысты шынайы әрі тың деректерге қол жеткізуге де болар еді.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу