Таразда 4 млрд теңгеге жуық қаржыға екі зауыт ашылды
Таразда 4 млрд теңгеге жуық инвестициялық қаржыға мәрмәр ұнтағы мен құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын екі зауыт ашылды. Қос өндіріс орны елімізде бірегей кәсіпорын саналады.
Құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыт жылына 150 мың тонна өнім өндіре алады. Бұл дегеніміз жыл сайын елдегі 70 мыңға дейін пәтерді қажетті материалмен қамтуға мүмкіндік береді. Ал мәрмәр ұнтағын шығаратын зауыттың жылдық қуаты 120 мың тоннаға дейін жетеді. Бұл - отандық өндірісті дамыту арқылы импортқа тәуелділікті азайтады.
Гүлдана Жауынбекова, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:
Бұл зауыттың Қазақстанда ұқсасы жоқ деп отырмыз. Себебі - бұл автоматтандырылған зауыттың алғашқысы. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес, инвестиция тарту бойынша жылдан жылға жоспар өсіп келе жатыр. 2025 жылы 246 млрд теңге инвестиция тартылған болса, биылғ 361 млрд меже қойылып отыр.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16