«Самара–Шымкент» тас жолында жүк көліктің тіркемесі өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самара–Шымкент» тас жолында жүк көліктің тіркемесі өртенді

22.12.2023

«Самара–Шымкент» тас жолында жүк көліктің тіркемесі отқа оранды. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жаумен бір сағаттан астам уақыт күрескен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, газ баллондарымен жабдықталған оттықтар, лак-бояу өнімдері мен тұрмыстық заттар өртенген. Сонымен қатар, болжам бойынша, жүк көліктің тіркемесінде пиротехника құралдары да болған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.  

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу