Мемлекет басшысы Өзбекстан президентіне көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентіне көңіл айтты

04.04.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Шымкент-Самара" тас жолында болған жол апатынан өзбекстандық сегіз азаматтың қаза болуына байланысты Президент Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты. Қазақстан Президенті қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, жылы лебіз білдірді. Оқиға Маржанбұлақ ауылының маңында болған. Жүк көлігі мен 7 адамдық минивэн көлігі соқтығысып, минивеннің жүргізушісі мен 7 жолаушысы қаза тапты.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев 5 сәуір күні Хиуа қаласында бейресми кездесу өткізеді. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың ауқымды мәселелерін, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқыламақ.


Хабарламаларға жазылу