Таразда қарбыз тиеген жүк көлігі аударылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда қарбыз тиеген жүк көлігі аударылды

21.06.2022

Тараз-Шымкент трассасында қарбыз тиеген жүк көлігі аударылды.

Түркістан облысынан келе жатқан ауыр көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай жолдан шығып кеткен. Салдарынан тіркемесі бар «DAF» жүк көлігі аударылып, ортадағы темір қоршаулардың бірқатарын жұлып әкетті. Ал оған тиелген бірнеше тонна қарбыз күрежолға шашылып қалды.

Абырой болғанда бұл апаттан зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші жеңіл дене жарақатын алған.

Оқиғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.  

Хабарламаларға жазылу