Оңтүстік Қазақстан облысының индустрияландыру картасы шеңберінде 115 жоба жүзеге асырылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысының индустрияландыру картасы шеңберінде 115 жоба жүзеге асырылуда

07.01.2016
Оңтүстік Қазақстан облысының индустрияландыру картасы шеңберінде 115 жоба жүзеге асырылуда

Мемлекет басшысының бес институттық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамындағы» міндеттердің орындалуын баяндаған өңір басшысының орынбасары индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 869 млрд. теңгені құрайтын 115 жоба жүзеге асырылып жатқандығын мәлім етті. Инвестиция көлемі 44,6 млрд. теңгені құрайтын 27 жоба 2015 жылы іске қосылған.

Аталған жобалар толығымен жүзеге асырылғанда 19,9 мың жұмыс орны құрылатын болады.

«2015 жылдың 11 айында 593 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 52 млрд. теңгеге артқан. Бұл көрсеткіш бойынша біздің өңір республикада 5 - орынға ие. Ал өңдеу өнеркәсібінде 373,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 353,7 млрд. теңгені құраған»,- деді С.Тұяқбаев.

Хабарламаларға жазылу