Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспанаға құжат қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспанаға құжат қабылдау басталды

21.12.2023

Астанада «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау басталды. Баспанаға өтінімді көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топ өкілдері бере алады.

Алайда үміткерлер қалалық коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана кезегінде тұруы шарт. Құжаттарды қабылдау желтоқсанның 28-не дейін qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы электронды түрде жүргізіледі. Қатысуға өтінім бергендерді іріктеу кезінде кезекте тұрған мерзіміне басымдық беріледі. Сосын отбасының құрамы ескеріледі. Бұл жолы баспанаға мұқтаж жандарға арнап сатып алу құқығынсыз жалға беруге 960 пәтер қарастырылған.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу