Шымкентте жастарға берілетін пәтерге қанша өтініш түсті? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жастарға берілетін пәтерге қанша өтініш түсті?

04.12.2019
Шымкентте жастарға берілетін пәтерге қанша өтініш түсті?

Шымкентте жастарға арналған жалдамалы пәтерге құжаттар қабылдау 1 желтоқсанда аяқталды. Естеріңізге сала кетейік, үлестіруге 904 баспана жоспарланған.

«Конкурсқа 943 құжат қабылданды. Миграция полициясы қызметі арқылы өтініш берген азаматтардың соңғы екі жылда мекенжайы бойынша тіркелгені анықталуда. Бес күнде құжаттар өңделеді. Өтініш берген азаматтың құжаттар жиынтығы арасында жетіспейтін құжаттар болса, қайта толықтырылады. Кейін әрбір өтініш берушінің отбасы құрамы, еңбек өтілі, жетістіктері ескеріліп, балдар есептелінеді», - деді Шымкент қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Жұлдыз Ордабекова.

Айта кетейік, баспана сатып алу құқығынсыз 5 жылға жалға беріледі.

Otyrar.kz


Хабарламаларға жазылу