Елімізде 3 жылда 600 медициналық нысан пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 3 жылда 600 медициналық нысан пайдалануға беріледі

20.12.2023

3 жылға жоспарланған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында салынған медициналық нысанның 50-ден астамы жыл аяғына дейін ел игілігіне беріледі. Қалған 550 ғимараттың құрылысы алдағы жылы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Денсаулық сауқтау министрі биыл отандық денсаулық сақтау саласы үшін маңызды жыл болды дейді.

Атап айтсақ Республика өңірлерінде 90 жаңа денсаулық сақтау нысаны мен 80 медициналық мекеме жөнделді. 4 көпсалалы аудандық ауруханада күрделі жаңарту жұмыстары басталды. 58,8 млрд теңгеге 514 бірлік медециналық техника сатып алынды.

Ал стационарларда 3 млн-ға жуық адам емделді. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек желісі 90 млн-нан астам науқасты қабылдаса, жедел жәрдемге жүгінген 8 млн-нан аса адамға тиісті көмек көрсетілді.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Былтырғыға қарағанда нәресте, бала өлімі азайып 10 %-ға төмендеді. Ана өлімі 24 %-ға төмендеді. Сонымен бірге барлық емханаларда біздің азаматтарға қолжетімсіз болған қызметтер олар: компьтертік томография, магнитті резонансты томография сияқты қызметтердің милдионнан астам қызметтер көрсетті. Сонымен бірге, әсіресе шағын ауылдарда дәріханалар болмаған. Дәріге қолжетімділік аз болып еді. Соған байланысты 233 дәріхана биыл ашылып отыр.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу