Қазақстан мен Ставрополь өлкесі әріптестікті арттырмақ. Ресейдің өңірімен бұрыннан жалғасқан ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріледі. Алыс-берісті арттыру үшін іскерлік миссиялар да кездесті. Толығырақ Индира Бегайдар жалғастырады.
Қазақстан Ставрополь өңірінің басты сауда серіктестерінің бірі. Біз қазандықтар, техника, өзге де тауарларды экспорттаймыз. Ауыл шаруашылығы өнімдері, жүзім мен алма көшеттерінің негізгі импорттаушыларымыз. Екі тарап селекциялық бағытты дамыту бойынша бірлескен жұмысты бастау үшін арнайы келісімге қол қойған болатын.
Владимир Владимиров, Ставрополь өңірінің губернаторы:
Шамамен 120 мың алма көшетін Қазақстанға жеткізіп отырмыз. Әрине әрі қарай да біз сауда айналымын арттырамыз. Өйткені питомнигіміздің аумағы да, қуаты да өседі, жылына 5 миллион көшет өседі деген жоспар бар.
Алыс-беріс жыл сайын артуда. Дәнді дақылдардан жасалған дайын өнімдер, кондитерлік, фармацевтикалық өнімдерге де сұраныс жоғары. Өңірде 600-ден астам кәсіпорын бар. Ендігі мақсат-бірлескен кәсіпорындардың санын көбейту.
Анатолий Десятниченко, акционерлік қоғамның атқарушы директоры:
Біз тек Ресей емес, ТМД елдерінің кәсіпорындарымен үнемі байланыстамыз. Жиі делегациялар келеді. Сондағы мақсат өзара әріптестігімзді арттыру. Біз үшін ол өте маңызды деп ойлаймын.
Өңір басшылығы еліміздің барлық іскерлік шараларына қатысуға ниетті.Өйткені ынтымақтастық қарқынды дамып жатыр. Сонымен қатар туризм саласында да әріптестіктің әлеуеті зор.
Индира Бегайдар