Шекаралас өңірмен ынтымақтастық артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекаралас өңірмен ынтымақтастық артады

19.12.2023

Былтыр Қазақстан мен Омбы облысының арасындағы тауар айналымы 488 миллион долларға жетті. Шекаралас өңірмен ынтымақтастық әрі қарай кеңеймек. Алдағы уақытта бірлескен кәсіпорындардың санын көбейту жоспарланып отыр.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев бастаған делегация Омбы өңіріне жұмыс сапарымен барды. Облыс губернаторымен кездесуде әріптестікті жандандыру жағы қаралды. Ауыл шаруашылығы мен мұнай өңдеу салаларында да ынтымақтастықтың әлеуеті зор.

Дәурен Абаев, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі:

Туризм саласында да әріптестікті тереңдету жоспарда бар. Келесі жолы бизнес өкілдерін әкелу көзделуде. Алда жоспар ауқымды.

Биылғы жылдың 8 айында алыс-беріс 300 миллион долларға жуықтаған. Қазақстан Омбы облысының басты сауда серіктестерінің бірі. Өндірістік кооперация да қарқынды дамып келеді.

Виталий Хоценко, Омбы облысының губернаторы:

1000 шақырымнан астам шекарамыз бар. 8 өткізу бекеті жұмыс істеп тұр. Қазақстанмен ешқашан экономикалық, басқа да салалардағы байланыс үзілген емес. Осы қарқынмен жалғастыра береміз.

Өңірде 70 мыңнан астам қазақ тұрады. Қандастарымыз ана тілін сақтап, ұлттық дәстүрді ұлықтауға ерекше мән береді. Жергілікті қазақтармен кездесу барысында өзекті мәселелер көтерілді. Қазақстан қашан да сыртта жүрген қандастарға қолдау көрсетуге дайын.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу