Исландияда жанартау атқылай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Исландияда жанартау атқылай бастады

19.12.2023

Шетелден де бірер ақпар. Исландияның Рейкь-Янес түбегінде жанартау атқылап жатыр. Мұның алдында бірнеше дүмпу болған. Сейсмологтар вулканның атқылайтынын алдын ала ескертті. Сол себепті мыңдаған адам лава төгілместен 4 сағат бұрын қауіпсіз жерге көшірілген. Жанартаудағы жарықтың ұзындығы - 3,5 шақырым. Оның бойымен лава секундына 100-200 шаршы метр жылдамдықпен ағып жатыр. Рекь-Явик маңындағы халықаралық әуежай әзірге жұмысын тоқтатқан жоқ. Дегенмен ұшақ рейстері доғарылуы мүмкін екені ескертілді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу