Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың өндіріс орындарын аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың өндіріс орындарын аралады

17.12.2023

Осы аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың өндіріс орындарын аралады. Алғашқы жарты жылда елорданың жалпы өнім көлемі 4 триллион 700 миллион теңгеге жеткен. Соның ішінде №1 индустриялық паркте жалпы сомасы 320 млрд теңгеден асатын 100 жоба жүзеге асып жатыр.

Мысалы, 10 жылда 200 тоннадан аса таза алтын және 80 тоннадан артық қымбат метталдар өңдеген зауыт жұмыс істейді. Ал тағы бір серіктестік швейцариялық холдингпен инвестициялық келісім жасап, Қазақстанда 500 жолаушы вагонын құрастыруды жоспарлап отыр. Енді бір компания медициналық жиһаздар мен жабдықтар, кеңсе бұйымдарын, модульді қабырға, терезе шығарумен айналысып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Астана халқының саны өсіп келеді. Таяу жылдары 1,5-2 миллион адамға жетуі мүмкін. Сондықтан тұрғындарды, жастарды жұмыспен қамтамасыз етуіміз керек.

Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше әлеуметтік нысанның жұмысымен танысты. 30 мың науқасқа дейін қабылдай алатын жаңа емханананы аралап көрді. Нысанның ерекшелігі мұнда жақында маммологиялық орталық ашылады. Кейін науқастар кешенді тексерістен өтіп, сүт безі ауруларынан емделе алады. Сондай-ақ Президент жемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынған №96 мектеп-гимназиясына да бас сұқты. 1500-ге жуық балаға арналған білім ордасында ағылшын, француз, қытай тілінде де оқытады.


Хабарламаларға жазылу