Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтарды аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтарды аралады

19.05.2019

Осыдан тура 2 ай бұрын қызметіне кіріскен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтарды аралап жүр, кем-кетігін көзбен көріп саралап жүр. Осы аптада Мемлекет басшысы Еуропаға шығатын бас қақпа Батыс Қазақстан мен ырысты, күрішті Қызылорда облысында болды. Президент бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысанды аралап көрді, жұртшылықпен жүздесті. Батыс Қазақстан облысында өткір тұрған екі ең негізгі мәселе болса, ол – ауыз  су мен жол сапасы. Мұны Тоқаев біліп отыр. Шенеуніктерге созбай шешуді тапсырды.

Ал Қызылорда облысының басшылығына алдағы уақытта түйіні тарқатылуы тиіс негізгі 8 басымдықты айқындап берді.

Жалпы, Мемлекет басшысы Мәскеу мен Ташкентті қоспағанда, айналасы екі айдың ішінде республиканың басым бөлігіне ат шалдырды.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу