Түлкібаста төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түлкібаста төтенше жағдай жарияланды

15.12.2023

Түркістан облысының Түлкібас ауданында ауа райының қолайсыз болуына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Қазір аталған аудан аумағынан өтетін республикалық маңызы бар жолдың Машат асуынан бастап Жамбыл облысы шекарасына дейін жабық тұр. Облыстық маңызы бар автожолдарда көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілген. Республикалық жолда 3 және облыстық жолдарда 22 бекет қойылған. Жолынан қалғандар сол маңдағы дәмханалар мен мешітке, жылыту бекеттеріне орналастырылған. Кешегі қатты дауылдан Бәйдібек, Сауран, Ордабасы, Түлкібас аудандары мен Кентау қаласында жарық сөніп, 18 мыңнан аса абонент жарықсыз қалды. Кентау қаласы мен Сауран, Түлкібас аудандарында 23 мыңнан аса абонент ауыз сузыс қалған.

Асхат Ержанов, Түркістан облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

Қазіргі таңда 10453 абонент электр қуатына қосылды. Қалған 8229 абонентті электр қуатына қосу бойынша жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда Кентау қаласы, 17000 абонент су көзіне қосылды. Қалған 2 аудан бойынша жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Ал Кентау қаласында қатты желдің салдарынан ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатырлары ұшып, газ құбырларына зақым келген болатын. Бүгін жел басылған соң қаланың коммуналдық қызметі төтенше жағдайлар салдарын ретке келтіруде. Сондай-ақ, жылу энерго орталығындағы істен шыққан қазандықтар қайта ретке келтірілуде. Қазіргі таңда 3 қазандық жұмыс істеп тұрса, тағы бірі жөндеуде. Қалған 4 қазандық жаңартылуда. Осы жағдайға байланысты облыс басшылығы орталықта шұғыл жиын өткізіп, жұртқа жылуды тұрақты беруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі:

Дежурство қоясыз. Пока мныау жел тоқтамайынша қызметкеріңіз тұру керек. Соның бәрін қарап отырамыз. Бізде мына Кегок пен Оңтүстік жарық мекемелері де жежуоство қойып, басынан аяғына дейін температура көтерілгенше сіздердің қызметкерлеріңіз тұру керек.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу