Жамбыл облысының екі ауданында өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысының екі ауданында өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды

15.12.2023

Жамбылды қарлы дауыл салдарынан жарықсыз қалған 30 елдімекеннің 5-і электр желілеріне қайта қосылды. Еске салсақ, кеше түнде Шу және Қордай аудандарында төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Сонымен қоса аймақта күре жолда қалғандарға 9 жылыту пункті ұйымдастырылып жатыр. Ал теміржол вокзалында жолаушылар межелі жеріне жете алмай отыр.

Данияр Әлімқұл, тілші:

Жамбылда жанталас, вокзалдарда қарбалас. Тараз вокзалының іші жолынан қалған жолаушыға лық толы. Сабырын сарқыған ел билеттерін кері өткізіп жатыр. Өйткені бағыттарын бес-тоғыз сағатқа дейін тосуға тура келеді. Тараз вокзалы арқылы тәулігіне 22 бағыт қатынайды десек, оның 10-ы кешігіп жатыр. Теміржол тарапы «даурығатын дәнеңе жоқ, кешке дейін кешіккеніңіз келеді, сабыр сақтайық» деп отыр.
Айта кету керек, ашылған бағыттар бойынша жолаушылардың барлығы тегін отырғызылып жатыр. Ал аймақтағы қуат көзінен қағылған 30 елді мекеннің бесеуіне жарық берілді.


Хабарламаларға жазылу