Шығыс Қазақстанда өзендерде мұз жару жұмысы жүргізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда өзендерде мұз жару жұмысы жүргізілді

13.12.2023

Шығыста қатты аяздың салдарынан шағын өзендердің ағысы баяулап, арнасы тар тұстарында мұз кептеле бастады. Ал жағаға жайылған мұз автокөлік жолдары мен жақын маңдағы елдімекендерге қызыл судан қауіп туғызды. Сондықтан арнайы мамандар өңірдегі өзендердің мұзын механикалық жолмен жарып жатыр. Таулы Үлбі кенті ортасынан ағатын шағын өзендегі мұзды жарды. Ол шамамен мың шаршы метрдей болады.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу