Алматы қаласында тазарту жұмыстары жалғасуда

08.08.2015
Алматы қаласында тазарту жұмыстары жалғасуда

Алматы қаласының Наурызбай, Алатау және Әуезов аудандарында тазарту жұмыстары жалғасуда. Төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында бүгінге дейін аталған үш ауданнан 252,3 мың текше метр батпақ шығарылған.

Наурызбай ауданында селден зардап шеккен тұрғын үйлер, №187 мектеп, көшелер, жолдар, сонымен қатар, Қарғалы өзенінің бұзылған аңғары тазартылуда. Жалпы көлемі 130 текше метрден асатын 104 тал шығарылды.  Коммуналдық қызметтер су және газ жүйесінде тарту жұмыстарын жалғастыруда.

Жергілікті халыққа 1980 тоннадан астам ауызсу және күнделікті тұрмысқа қажетті 1063 тоннадан астам техникалық су жеткізілген.

«Қазселқорғау» ММ су таратқыш жүйелерінде селден қорғау жұмыстары атқарылуда. Қарғалы өзені арнасындағы  су деңгейіне үнемі мониторинг жасалып отыр.

Селден зардап шеккен аудандарды тазарту жұмысына Алматы қаласының ІІД, ТЖД, республикалық жылдам қорғау жасағы, Апаттар медицинасы орталығы, «Қазселқорғау» ММ,   «Қазавиақұтқару» АҚ,  ТЖК, ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясы, қалалық қызметтері, Азаматтық қорғаныс қызметі және еріктілерден құралған 1281 жеке құрам және 248 техника күші жұмылдырылған.

Хабарламаларға жазылу