БҚО-да полиция қызметкерлері ұрланған 10 жылқыны иесіне қайтарып берді
Ұлттық арна көтерген мәселе шешімін тауып келеді. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында шаруаға ұрланған 10 бас жылқысы қайтарылды. Күдікті ұсталды.
Екі ай бұрын бөкейордалық шаруалар Ұлттық арна тілшісіне: «Мал ұрлығына қатысты қылмыстық іс бір жылдан бері ашылмай отыр. Ұры ұсталмайды, тергеу тиянақсыз» деп шағымданған еді. Қазір бұл істі облыстық криминалдық полиция қызметкерлері қолға алған. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірігіп, бір қылмыстық іс ашылды. Енді қалған тұрғындар Орал қаласына шақырылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жалпы облыста жыл басынан бері 148 мал ұрлығы тіркелген. 12 қылмыстық топ ұсталып, 198 мал иесіне қайтарылған. Ұрлық жасап ұсталған 88 адамның жартысынан астамы сотталған.
Нұрлан Бисенов, облыстық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы:
Жедел іздестіру шараларының барысында Тасқала, Бәйтерек ауданының тұрғындарына 10 бас жылқыны және 4 бас жылқыны еттей Орал қаласына әкеп сатқаны анықталды. Аталған жылқылар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта 1989 жылғы Бөкей Ордасы ауданының тұрғыны қамауға алынды. Басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Бұл қылмыспен криминалдық полиция басқармасы айналысып жатыр.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Бүгін спортшылар 4 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 17:19
Абай облысында бір күнде 3 мың тал егілді
25.09.2026, 17:18
Жетісу облысында егін жинау науқаны қыза түсті
25.09.2026, 17:17
Жамбыл облысында әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдауға 1,5 млрд теңге бөлінді
25.09.2026, 17:14
Ел жаңалықтарына шолу
25.09.2026, 17:13
Нетаньяху мінберге шыққанда ондаған делегат залдан шығып кетті
25.09.2026, 17:12
Вашингтонда Трамп-Си саммиті аяқталды
25.09.2026, 17:10
Жасанды интеллект мектебі ашылады
25.09.2026, 17:07