Солтүстік Қазақстанда тәртіп сақшылары көкпар тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда тәртіп сақшылары көкпар тартты

11.12.2023

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері көкпар тартудан сынға түсті. Мұндай сайыс тәртіп сақшылары арасында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Жолдастық кездесуге 6 команда қатысты. Ұйымдастырушылар ұлттық ойыннан сайыс өткізу дәстүрге айналатынын айтты.

Әсет Тілеулин, мамандандырылған күзет қызметі басқармасы батальон командирінің орынбасары:

Мына жерде жаңа үйретіп, мініп жатқан құлындар бар. Қазір енді ұсақ аттарды жемдеп, бордақылап, баптайды. Оңтүстік ауа райымен ұтады. Бізде үш-ақ ай жаз, сол кезде ойнаймыз, күн ысып кеткенде ойнамаймыз. Қыста 1,5 ай аттарын баптап, олар жаз бойы шабады.

Эльмира Кәленова


Солтүстік Қазақстан облысы

Хабарламаларға жазылу