Түркістан облысында көкпар ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды
Түркістан облысында карантиндік шектеулерге қарамастан көкпар ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды.
Төлеби ауданына қарасты Алғабас ауылында өткен көкпарға 200-ден аса адам жиналған. Көкпар тартып жатқандар рейдтік тексеру кезінде анықталды. Тәртіп сақшылары карантиндік талапты бұзғандарды тарқатып, оны ұйымдастырған тұрғынға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Өңірдің санитар эпидемиологтарының мәліметінше, карантиндік шектеулер енгізілгелі бері облыста 4 мыңнан аса тәртіп бұзу дерегі тіркелген. Тиісті талаптарға бағынбағандарға 217 млн теңгеден аса айыппұл салынған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресеймен арадағы сауда көлемі 6,6%-ға артты
11.04.2026, 20:23
Волейболдан Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталады
11.04.2026, 20:19
Түркістандық тұрмыстық қалдықты табыс көзіне айналдырды
11.04.2026, 20:17
Республикалық ата-аналар форумы өтті
11.04.2026, 20:15
Maqsut Narikbayev University-де жасанды интеллект бойынша тегін «AI Upgrade» курсы іске қосылады
11.04.2026, 20:14
Ғұмырын ғылымға арнаған – Қаныш Сәтбаев
11.04.2026, 20:12
Қарағандыда ғылым күніне орай халықаралық конференция өтті
11.04.2026, 20:10
Қазақстан тарихының бесінші томы бекітілді
11.04.2026, 20:09