Жария кадастрлық картасы бар платформа іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жария кадастрлық картасы бар платформа іске қосылды

08.12.2023

Жария кадастырлық картасы. Енді осы платформа арқылы жерге қатысты барлық ақпаратты онлайн ала аласыз. Жүйеге кіру үшін гуглға «жария кадастрлық картасы» деп жазу қажет. Бұл жерде өзіңізге қажетті аймақты таңдайсыз, қайда, қандай жер бар екенін толық көре аласыз. Тіпті, ашық жатқан учаскеден қанша жер керек екенін өзіңіз сызып, көрсетесіз. Ал телімге өтініш егов арқылы қабылданады. Цифрлық даму министрілігінің мәліметінше, жария кадастрлық картасы – жер телімдерін жедел әрі ашық түрде беруге, әр азаматқа жер қоры туралы ақпараттың қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.

Айнұр Юсупова, ҚР ЦДИАӨМ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары:

Азаматтарды өтініш беріп, гос органдардың арасында сандалтып жүргізуді жаңа процесте жойдық. Бұған дейін жерге жеке гост акт беріп, жаңағы құқықтық тіркеген кезде тех паспорт алатын. Енді қазір жылжымайтын мүліктің кадастры деген бір құжат беріледі. 


Хабарламаларға жазылу