Атырау облысында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған 6 жоба қолға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған 6 жоба қолға алынды

19.11.2018

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында биыл 1166 кәсіпкер мемлекеттің қаржылай қолдауына ие болды. Жалпы сомасы 81 миллиард 400 миллион теңге болатын жобалардың нәтижесінде 6 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Мемлекет қолдауы артқан сайын, ауылдық жерлерде кәсіпкерлікпен айналысуға ниеттілердің қатары да көбейіп келеді. Жалпы, мұнайлы өлкеде 43 мыңнан астам кәсіпкер бар. 

Гүлзада Құспан, Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары: 

- Биыл  Атырау облысы бойынша кәсікерлікті қолдау картасы шеңберінде құны 9 миллиард 400 миллион болатын 6 жобаны іске қосу жоспарлануда. Оның 4 жобасы іске қосылды. Нәтижесінде 162 жаңа жұмыс орны құрылады.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу