1 шілдеде ұлттық төлем жүйесі іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 шілдеде ұлттық төлем жүйесі іске қосылады

08.02.2022

1 шілдеден бастап ұлттық төлем жүйесі іске қосылады. Былтыр қарашада пилоттық режимде басталған жоба мобильді онлайн төлемдерге, карталардың банкаралық жүйесіне қызмет көрсету үшін дайындалды.

Демек мұндай төлем жүйесі арқылы банктің комиссиясы 2,5 есеге арзандайды. Былтыр 4 банк ұлттық жүйеге қосылды. Нарықта 22 екінші деңгейлі банк бар. Ал халықта 57 млн 700 мың төлем картасы бар. Ұлттық төлем жүйесі толық дайын болған соң, қаржы нарығында visa, master card секілді қазақстандық жүйе қалыптасады.


Хабарламаларға жазылу