«Арселор Миттал Теміртау» қазақстандық инвесторға өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Арселор Миттал Теміртау» қазақстандық инвесторға өтті

08.12.2023

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясын қазақстандық инвестор сатып алды. Ол «Allur компаниялар тобы» директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Үкіметте өтіп жатқан баспасөз брифингінде мәлімдеді. Қанат Шарлапаевтың айтуынша, кәсіпорын 100 пайыз отандық кәсіпкерге өтті. Келісімге кеше қол қойылған. Оның құны - 286 миллион доллар. Енді кәсіпорынның атауы өзгермек. Ал инвестор ең алдымен өндірістік қауіпсіздікке қаржы құюды көздеп отыр. Кеншіңлер мен өзге де жұмысшылардың еңбекақысы сақталады. Тіпті оны көтеру мәселесі де қаралады, - деді министр. Еске салайық, Костенко шахтасында қазан айында болған апат кезінде 252 адам жер астында қалып қойған еді. Оның 206-сы құтқарылып, 46-сы көз жұмды. Қайғылы жағдайдан кейін Мемлекет басшысы Үкіметке Митталмен инвестициялық әріптестікті тоқтатуды тапсырған болатын.

Хабарламаларға жазылу