Ақмола облысында еріктілер қариялардың ауласын қардан тазартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында еріктілер қариялардың ауласын қардан тазартты

07.12.2023

Ақмолалық еріктілер жалғыз тұратын қариялардың үйлеріне барып, қар басқан аулаларын аршып берді. Мұндай қайырымдылық шаралары өңірде жиі өткізіледі. Волонтерлер жалғызбасты қарт кісілердің аты-жөндері мен мекенжайларын алдын ала анықтап алады. Кейін үйлерді аралап, көмек қолын созады. Ауласын тазалайды, отынын жарады. Осының арқасында жастардың бойында еңбекке деген құлшыныс, қайырымдылық, ізгілік сынды қасиеттер қалыптасады, - дейді жоба жетекшілері. Ал зейнеткерлер дән риза. Ақмола облысында 89 волонтерлік ұйым бар. Ондағы еріктілер саны 4 мыңға жуық. Өткен жылы олар сегіз жүзден астам отбасыға көмектескен.

Тоқтарбай Омаров, қала тұрғыны:

Қартайған соң буын, бел, радикулит бәрі белгі беріп жатады. Ауырады. Ауыр жұмысқа жарамаймыз. Сондықтан, бүгін, міне, үлкен қар түскенде келіп қалдыңдар. Көп рақмет. Жұмыстарыңа сәттілік тілеймін.

Ерден Нұрмұхамет, қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы:

«Жақсылық жасап жарысайық» акциясы қыс бойы жалғасады. Біз қыс бойы шамамен алғанда мыңға жуық әр отбасыға, осылай жалғызбасты аталарымыздың, әжелеріміздің аулаларын тазалап, көмек көрсету аясында мыңға жуық отбасыны қамтимыз деп жоспарлап отырмыз.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу