«Саламатты Қазақстан» пойызы 98 мың адамға көмек көрсетілді
«Саламатты Қазақстан» пойызы биыл халыққа медициналық көмек қана емес, құқықтық жәрдем де көрсетті. Пойыз елдің барлық облысына барды.
121 шалғай станция қамтылған. Сегіз айда 89 мыңға жуық адам денсаулығын тексерткен. Сонымен бірге 11 мыңнан астам тұрғынға шағын операция жасалды. Бұл туралы әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева айтты. Сонымен қатар медиаторларға 3 мыңдай адам өтініш білдірген. Оның 500-і өзара келісімге келген. Сондай-ақ, құқығым тапталды деп 5000 адам заңгерден кеңес алған.
Альфия Адиева, әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры:
Бұл пойыз жапон және неміс медициналық құрал-жабдығымен жабдықталған. Қажет болғанда жалпы және биохимиялық талдауларды, рентценография және флюрография, ішкі орындар мен тамырларды ультардыбыстық зерттеу, кардиограмма секілді зерттеулер жүргізуге мүмкіндігі бар.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: Әр азамат ел тағдырына өз тағдырындай қарауға тиіс
09.09.2026, 10:18
Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай көрме ашылды
09.09.2026, 10:06
Автонесиеге сұраныс төмендеді
09.09.2026, 10:05
Astana Finance Days халықаралық қаржы форумы басталды
09.09.2026, 10:04
Қатерлі ісікті анықтауға ЖИ көмектеседі
09.09.2026, 10:03
Ерлан Қарин мемлекеттік байланыс орталықтарының жұмысын жақсартуды тапсырды
09.09.2026, 10:03
Қазақстан мен Қытай қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді
09.09.2026, 10:02
Нью-Йоркте Huawei компаниясына қарсы сот процесі басталды
09.09.2026, 10:00