Алматыда көктайғақтан 100-ден аса жол-көлік апаты тіркелді
Алматыға қалың қар түсті. Таңертең қалада 3-5 см, ал тау бөктері мен таулы аудандарда 10-12 см ақ ұлпа жауған. Қазір 1600 жұмысшы қар жинауға жұмылдырылды. Жолдарда көктайғақ. Салдарынан көлік қозғалысы қиындап, соңғы тәулікте 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан 26 адам түрлі жарақат алған. Көктайғақтың алдын алу үшін 200 құмшашқыштың кезекшілігі ұйымдастырылады. Полиция департаменті тұрғындарды жолда сақ болуға шақырып отыр. Синоптиктердің болжамы бойынша, Алматыда алдағы 2 күнде ауа райы құбылмалы болады. Түнде ауа температурасы 4-6 градусқа дейін суытып, тұман түсуі мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16