Алматы облысында оқушылар жаппай төбелесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында оқушылар жаппай төбелесті

04.12.2023

Алматы маңында оқушылар арасында жаппай төбелес тіркелді. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіпсіздік Іле ауданына қарасты, Жәпек батыр ауылының мектебінде болған. 9-шы және 10-шы сынып оқушылары бір-біріне жұдырық жұмсаған. Екі бала зардап шегіп, біреуі жеңіл жарақат алған. Қазір осы оқиға ізімен Қылмыстық Кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. Оқушылармен психологтар жұмыс жүргізіп жатыр.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу