Қытай: Балалар мен ересектер арасында жаңа вирус тарады
Қытайда қазан айында тек балалардан табылған вирус ересектерден де анықталды. Соңғы мәліметтерге сай, бұл елде күніне ауруханаға 7 мыңнан аса науқас түседі. Инфекцияға шалдыққандардың көбі - солтүстік провинция тұрғындары. Жұқпалы ауру мұғалімдер мен оқушылар арасында көптеп тарап, мектептерде сабақ тоқтатылды. Белгісіз вирус кезінде қалтырау, дене қызуы көтеріліп, өкпеде түйіндер пайда болады, бірақ қатты жөтел болмайды. Ел билігі жұқпалы инфекцияның тарауын тоқтату үшін вирустың неден шыққанын анықтауға тапсырма берді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл мәселеге байланысты Бейжіңмен тығыз байланыста екенін мәлімдеді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16