Ақтауда терезеден жиһаз тастаған тұрғын жауапқа тартылды
Ақтауда көп қабатты үйдің терезесінен жиһаз лақтырған тұрғын ұсталды. Оқиға 4-ші шағын ауданда болған. Ер адам жиһазды 4-ші қабаттан көшеге тастай салған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Полицейлер тұрғынды анықтап, хаттама толтырды. Мұндай жағдайда заң бойынша небәрі 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Айта кететін жәйт, жыл басында да Ақтауда осындай оқиға тіркелген болатын. Ол кезде жиһаз үйдің жанынан өтіп бара жатқан тұрғынның басына түсті. Соның салдарынан 39 жастағы азамат алты ай төсек тартып жатып, қайтыс болды. Ал полицейлер болса, кінәліні әлі таппаған.
Аягөз Оралбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Д.Құдайберген өзі туралы деректі фильмнің трейлерін жариялады
09.06.2026, 10:33
Алуа Нұрман Токиодағы халықаралық турнирде күміс жүлде иеленді
09.06.2026, 10:32
Astana 2026 World Boccia Cup турнирі мәресіне жетті
09.06.2026, 10:31
Алматыда «Creative intensives» пилоттық жобасы басталды
09.06.2026, 10:30
Автокөлік бағасы арзандады
09.06.2026, 10:28
Қазақстандықтар зейнетақы қорынан 5,8 трлн теңге шешіп алған
09.06.2026, 10:27
Пхеньянда Си Цзиньпин мен Ким Чен Ын саммит өткізді
09.06.2026, 10:18
Иран мен Израиль атысты тоқтатуға келісті
09.06.2026, 10:17