Премьер-Министр Әлихан Смайылов та Алматыда болған қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқандардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты. Үкімет басшысы марқұмдар мен зардап шеккендердің отбасына жан-жақты көмек берілетінін жеткізді. Кінәлілер жауапқа тартылады деді.
Ал Алматы әкімдігі өрттен қаза болғандардың отбасыларына 1 млн теңгеден бөлінетінін хабарлады. Ресей және Өзбекстан азаматтарын жеткізуге көлік ұйымдастырылады.
Сондай-ақ әкімдік өрттен қайтыс болғандарды жерлеу рәсімін ұйымдастыруға жәрдем береді. Зардап шеккендер мен эвакуацияланғандарды қолдаудың барлық шаралары көрсетіледі. Қажетті медициналық және психологиялық көмек ұйымдастырылды.
Жерлеу мәселесі бойынша қаза тапқандардың туыстары экранда көрсетілген байланыс нөмірлеріне жүгіне алады: + 7 707 779 07 08, +7 777 312 08 08.
Асылбек Данияр