Израиль мен Хамас тағы тұтқын алмастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль мен Хамас тағы тұтқын алмастырды

30.11.2023

Хамас пен Израиль тағы да тұтқын алмастырды. Осы жолы Хамас қазанның 7 күні Израильден Газа секторына әкеткен 240 адамның 16-сын босатты. Солардың екеуі – ресейліктер, төртеуі – таиландтықтар, қалғандары – Израиль азаматтары. Бірнеше сағат бұрын олар еврей мемлекетінің аумағына өтіп, госпитальге жеткізілді.

Бұған жауап ретінде Израиль 30 палестиналықты түрмелерден үйлеріне қайтарды. Оларды Батыс жағалаудағы Рамалла жұрты қуанышпен қарсы алды.

Хамас пен Израиль арасындағы атысты тоқтату туралы келісім уақыты түнде аяқталды. Қазір тараптар сол ымыраны жалғастыру жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Екі жақ та бітім мерзімін созуға дайын екенін білдірген.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу