Креативті экономиканы дамыту үшін қор құрылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Креативті экономиканы дамыту үшін қор құрылуы мүмкін

30.11.2023

Елімізде креативті экономиканы дамыту үшін жаңа қор құрылуы мүмкін. Мұндай ұсыныс «Amanat» партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі Республикалық кеңестің кезекті отырысында айтылды. Сол арқылы креативті индустрияны дамыту, таланттарды іздеу, өнімдер мен зияткерлік қызмет нәтижелерін экспорттау көзделіп отыр. Бюджет көзі мен капиталын анықтау әлі пысықталып жатыр. Жалпы қазір ел ішінде 95 мыңға жуық азамат креативті экономикада қызмет етеді. Көпшілігі Астана, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарының тұрғыны. Президент креативті экономиканың ауқымды дамуы үшін барлық жағдай жасау туралы да тапсырма берген болатын.

Нартай Сәрсенғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты, «Аmanat» партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңес төрағасы:

Креативті индустриядан түсетін табыстар, яғни қаражат ішкі жалпы өнімнің 1 пайызына да жетпейді. Біз жалпы осындай үлкен потенциалы бар үлкен мемлекет үшін бұл төмен көрсеткіш деп білемін. Өйткені сарапшылардан алған мәлімет бойынша бұл көрсеткіш дамыған елдерде 12 пайызға дейін жетеді екен. Үлкен мүмкіндіктер беретін ортада Қазақстанның да алатын орны жоғары болуы керек. Неге? Өйткені бүгінге дейін шекара асып кеткен талантты азаматтарымыз өте көп.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу