Алматыда хостелде өрт болып, 13 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда хостелде өрт болып, 13 адам қайтыс болды

30.11.2023

Алматыда хостелде өрт шығып, 13 адам қайтыс болды. Оқиға бүгін таңғы сағат 05:00 шамасында болған. Ал төтенше жағдай департаментіне қоңырау 05:33-те түсіпті.

Қуан Нұрақын, тілші:

Біз қазір оқыс оқиға болған жердеміз. Жатақхана меңгерушісінің айтуынша, ғимараттың ішінде 72 адам болған. Олардың арасында Үндістан, Пәкістан азаматтары болған. Олар Алматыдағы Медицина университетінде тәлім алып жүрген студенттер екен. Хостелдің жұмыс істеп тұрғанына 1,5 ай ғана болған. 


Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу