Алматыда өрт салдарынан 2 адам қайтыс болды

16.06.2014
 
 
Алматыда өрт кесірінен бес адамды күйік шалып, екі адам ауруханада қайтыс болды. Күйік шалғандар қатарында 7 жастағы бала да болған.
 
Өткен сенбіде күннің күрт ысуынан Алматыда екі нысаннан өрт шыққанын хабарлағанбыз. Ең үлкен өрт - наубайхана мен тігін цехы орналасқан «Алматы логистик орталығы» ЖШС-де болды. 
 
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сағат түскі 12:00  шамасында басталған тілсіз жаудан  ғимараттың 750 шаршы метр аумағы жанып кеткен.
 
30 адам сыртқа шығарылған.  Өртті ауыздықтауға 14 негізгі, 2 арнайы техника, жеке құрамның 60 маманы ат салысқан. Өрттің шығу себебі анықталуда.
 
Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу