Алматыдағы хостелдегі өртке қатысты сот жалғасуда
Алматыда бір жыл бұрын болған хостелдегі өртке қатысты бүгін төртінші сот отырысы басталды. Қылмыстық істе 2 адам айыпталып отыр. Олардың бірі ғимаратты жалға алған Әділбек Мұхамедияров пен өрттен қорғау жүйесін орнату жөніндегі маман Александр Пекельник. Бүгін хостел қызметкері Татьяна Глызинадан жауап алынды.
Айдана Қуантхан, тілші:
Іс Алмалы аудандық сотта қаралып жатыр. 13 адам қаза тапқан қайғылы оқиғаға қатысты бүгінгі отырыста сол кезде хостелде жұмыс істеген әкімші куәгер ретінде жауап берді. Қызметкер өрт болардан он шақты күн бұрын жертөледе орналасқан қосалқы есікті жауып тастағанын айтты. Ал хостел тұрғындары сыртқа бірінші қабат арқылы шығып жүрген. Өрт болған күні дабыл жүйесі іске қосылғанымен, дәлізде жиналып тұрған матрастар сыртқа шығуға кедергі келтірді дейді. Куәгердің айтуынша, хостелде апаттық шығу есігі мен арнайы өрт сөндіру құрылғылары болмаған. Сотқа жәбірленушілердің туыстары мен өкілдері онлайн режимде қатысты. Еске сала кетейік, былтыр 30 қарашада жертөледе орналасқан хостелде өрт шығып, 13 адам қаза тапқан еді. Сот отырысы әлі де жалғасып жатыр. Қазір екінші куәгерден жауап алынып жатыр.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы кандидаттардың партиялық тізімін тіркеу үшін ОСК-ға құжат тапсырды
14.07.2026, 08:18
Табиғат жанашырлары бұлақ көзін тазартты
13.07.2026, 20:57
Жер учаскесіне мемлекеттік акт енді тек онлайн рәсімделеді
13.07.2026, 20:55
Өңдеу өнеркәсібін дамыту мүмкіндіктері талқыланды
13.07.2026, 20:39
ӘЧ – 2026: Аргентина жартылай финалда
13.07.2026, 20:37
Петропавл қаласының құрылғанына 274 жыл толды
13.07.2026, 20:18
Райымбек ауданының 90 жылдығы тойланды
13.07.2026, 20:17
Халықаралық этнофестивальге 50 мыңға жуық адам келді
13.07.2026, 20:13