Қазақстандық тәжірибе БҰҰ-да талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық тәжірибе БҰҰ-да талқыланды

29.11.2023

Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар ұйымының халықаралық азаматтық қызмет жөніндегі комиссиясы мен Астана мемлекеттік қызмет хабының бірлескен семинары өтті. Онда мемлекеттік сектордағы кедергілерді жою, кадрлық әлеуетті арттыру, адам ресурстарын басқарудың озық тәсілдерін қолданысқа енгізу жайы талқыланды. Халықаралық ұйым сарапшылары мемлекеттік басқарудың қазақстандық жаңа моделіне оң баға берді. Басқосу барысында еліміздің мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Халықаралық азаматтық қызмет жөніндегі комиссия төрағасы Ларби Джактамен кездесті. Қазіргі таңда Мемлекет басшысы адамға бағдарланған сервистік аппарат құру міндетін жүктеген. Осы бағытта Қазақстан мемлекеттік басқарудың мансаптық та және позициялық та бағыттарын біріктіріп, өзіндік гибриттік бағытты құрып жатыр. Бұл тәжірибеге өзге елдер ерекше қызықса керек.

Дархан Жазықбай, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

Семинарға қатусышыларды қызықтырғаны президент жанындағы жастар кадрлық резерві. Себебі, қазір барлығы адами ресурстарға бағытталып, таланттарды іздеуде. Сол себепті қазақстандық тәжірибеге қызығып отыр.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу