Басты Жаңалықтар Түркияда мектепте атыс болды

Түркияда мектепте атыс болды

Түркияның Маниса провинциясындағы мектептердің бірінде атыс болды. «Рейтер» агенттігінің мәліметінше, 11 адам жараланған. Зардап шеккендердің екеуінің жағдайы ауыр. Ал оқ атқан күдікті оқиға орнынан ізін суытқанымен, кейін ұсталды. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, қару ұстап барған Осы мектептің 15 жастағы оқушысы болуы мүмкін. BBC-дің хабарлауынша, күдіктінің ата-анасы мен атасы да ұсталған. Ал шабуылға не себеп болғаны әзірге белгісіз.


Бөлісу