Атырауда жас мамандарға 10 млн теңге сыйақы берілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жас мамандарға 10 млн теңге сыйақы берілуі мүмкін

29.11.2023

Атырауда жас мамандарға берілетін сыйақы мөлшері артуы мүмкін. Жергілікті денсаулық сақтау басқармасы өзге облыстан келген дәрігерлерге берілетін қаржыны 10 млн теңгеге дейін көтеруді ұсынды. Олар бұрын 3-5 млн теңге алып келген. Қазіргі таңда облысқа 160-тан астам жалпы тәжірбиелі дәрігер, акушер-гинеколог, хирург пен травматолог сынды мамандар қажет. Сондай-ақ басқарма өкілдері білікті кадрларды тарту үшін сыйақыдан өзге баспана мәселесін реттемек. Ол үшін «Отбасы банкіне» бюджеттен 1 млрд теңге бөлініп, алғашқы жарнасыз әрі 5 пайызбен несиеге пәтер беруді қарастырып жатыр. Айта кету керек, былтыр Атырауға 59 дәрігер өзге өңірлерден ауысып келсе, биыл бұл көрсеткіш екі есе көбейген. Әсіресе Ақтөбе, Орал, Алматы мен Шымкенттен келетін жас мамандар көп.

Нұрсұлтан Ержанұлы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

Менің ойымша бұл жастарға үлкен мүмкіншілік. Өйткені қазір жастар үшін пәтер мәселесі жұмыс мәселесі ол өте өзекті.


Нұрлыбек Бағыт

Атырау

Хабарламаларға жазылу