Оралда әйелдің басына кірпіш құлап көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда әйелдің басына кірпіш құлап көз жұмды

27.11.2023

Оралда тұрғын үйдің қасынан өтіп бара жатқан әйелдің басына кірпіш құлап, сол жерде қаза тапты. Оқиға Назарбаев даңғылының бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің көше жағында болған. Қалалық полиция басқармасы әйелдің алған жарақатынан сол мезетте қайтыс болғанын растады. Қазір қайғылы оқиғаның себебін шұғыл тергеу тобы мен жергілікті әкімдік мамандары анықтап жатыр.

Ардақ Мұратқызы

Орал Батыс Қазақстан облысы

Хабарламаларға жазылу