Өзбекстанда балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендер тізімі жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендер тізімі жасалады

23.11.2023

Балаларға зорлық-зомбылық көрсеткен, қатігездік танытып қылмыстық әрекетке барғандардың тізімі жасалады. Өзбекстан үкіметі осыған қатысты арнайы қаулы шығарды. Бұл жеткіншектерді қорғау үшін қолға алынып отырған шара. Сондай-ақ аналар да қолдаусыз қалмайды.

Ел үкіметі кәмелетке толмағандарға әлімжеттік жасап, қылмысқа барған адамдардың реестрін жүргізу тәртібін бекітті.Тізімге жасөспірімдердің ар-намысына қол сұққан, порнографиялық өнімді таратқандар енгізіледі. Мұнан бөлек, жезөкшелер үйін ашқан, лаңкестік әрекет пен өзге де қылмыс түрлерін жасап бұрын сотталған адамдар бар.

Танзила Нарбаева, Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы:

Енді кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасаған адамдардың балалармен жұмыс істеуіне қатаң тыйым салынады Реестр арнайы ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі.

Балаға әлімжеттік жасап, зорлық көрсеткен адамдардың білім беру мен сауықтыру орындарында жұмыс істеуіне тыйым салатын заң сәуірде қабылданған. Ел билігі ана мен баланың құқығын қорғауды күшейту мен бостандығын қамтамасыз етуді ерекше назарға алмақ. Бірінші кезекте жұмыссыз әйелдерді қолдау тұр.

Саодат Боймирзаева, Отбасы және әйелдер ісі комитеті баспасөз қызметінің жетекшісі:

Еңбек еткісі келетін аналарды жұмыспен қамту үшін кәсіп иелеріне мемлекет арнайы гранттар бөледі. Қаражат отбасы және әйелдерді қолдау. қорынан қаралып отыр. Жұмыссыз жүрген әрбір ананы еңбекпен қамту мақсатында 3 млн сомға дейін қаражат беріледі.

Грантты жеңіп алған бизнес иелері махаллаларда әйелдер орталығын ашып, онда 20 анаға дейін еңбек етуіне жағдай жасауы тиіс. Өтініштерді қабылдау басталып та кетті.

Базаркүл Отыншиева


өзбекстан

Хабарламаларға жазылу