Каспий теңізіне дизель отыны төгілген
Маңғыстауда Каспий теңізіне дизель отыны төгілген.
Жанармайдың іздері Аташ елді мекені жағалауынан байқалды. Экологтар судан сынама алып, төгілген майдың қоршаған ортаға зиянын анықтап жатыр. Теңізге май төгілгендігі жөніндегі ақпарат 8 тамызда түскен. Осыдан кейін мамандар Аташ жағалауы мен оған іргелес теңіз аумағын тексерді. Қазір аталған аумақта мониторинг жұмыстары жалғасып жатыр. Экологтар теңізде жұмыс істейтін кеме экипаждары мен айлақ иелеріне қоршаған ортаны қорғау талаптарын қатаң сақтауды ескертті.
Қайсар Нәдірбек, Экология департаменті зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің
басшысы:
Баутин, Аташ тұрғындарынан бізге Каспий теңізінің жағалауында май қалдықтарының ізі анықталды деп хабарлама келді. Шолу жұмыстары барысында Аташ, Баутин елді мекендері теңіз жағалауынан су сынамалар алынды. Қазіргі жағдайда талдау жұмыстары жүргізілуде. Талдау жұмыстары нәтижесіне қарай тиісті шаралар қабылданады.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16