Оралда жастарға арналған «Арманда» білім және бизнес форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда жастарға арналған «Арманда» білім және бизнес форумы өтті

22.11.2023

Оралда жастарға арналған «Арманда» білім және бизнес форумы өтті. Спикерлер білім беру, отбасы құндылығы, тұлғалық даму, бала тәрбиесі туралы сөз қозғады. Армандап қана қоймай, сол жолда аянбай еңбек етуге үндеді. Жоба авторы, танымал медиаменеджер Арман Дәулетияров ата-ананы сыйлау, салт-дәстүрді құрметтеу жайлы өз ойын ортаға салды.

Ал айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов сөз өнері, еркін сөйлеу, сахна мәдениеті хақында өз тәжірибесімен бөлісті. Спортшы Ислам Байрамуков тәлім-тәрбиеге, баланың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді. Аталған форум елдің барлық аймағын қамтиды.

Ардақ Мұратқызы

батысқазақстан

Хабарламаларға жазылу