Атырауда тұңғыш рет жастарға арналған «Самғау» бизнес-фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда тұңғыш рет жастарға арналған «Самғау» бизнес-фестивалі өтті

24.04.2018

Ауқымды шара «I-SEED Атырау» жобасының шеңберінде ұйымдастырылды. Фестивальге келушілер түрлі ұтыс ойындарына қатысып, кәсіп жүргізудің қыр-сырына қанықты. «I-SEED Атырау» - жастардың табысты кәсіп құруына негізделген бірегей жоба. Оқушылар мен студенттердің қаржылық сауаттылығын  арттырып, кәсіпкерлік дағдыларға жаттықтырады. Шара барысында бизнес өкілдермен шеберлік сағаттары өтіп, бәсекеге қабілеттілікті арттырудың жолдары түсіндірілді. «Үздік бизнес идеялар» конкурсына өзінің жоспарын ұсынып, жеңімпаз атанғандардың бірі - Файма Мохаммадусманова. 

Файма Мохаммадусманова, оқушы:

- Пластикалық қалдықтарды өңдеу арқылы біз өзімізге де қаржы тауып, қоғамға да пайдамызды тигізгіміз келеді. Біз оны әзірше мектептің аумағында жасадық, яғни, алдағы уақытта басқа да мектептерге шығып, қала бойынша жүргізгіміз келеді.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу