Солтүстік Қазақстанда 25 ауыл жарыққа қосылмады
Солтүстік Қазақстан облысында 25 ауыл 5 тәулікке жақын уақыттан бері жарықсыз отыр.
Естеріңізге сала кетсек, 18 қараша күні боран болып, электр сымдары мен бағандар зақымданған еді. Салдарынан 183 елдімекен жарықсыз қалды. Білім беру және денсаулық сақтау мекемелеріне электр генераторлары жеткізілді. Мамандар жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанымен ақау толық жойылған жоқ. Қауіпсіздік талаптарына сай үзілген сымдарды іздеп, жалғау шаралары күндізгі уақытта ғана жүргізіледі. Өңірдегі электр желілерінің 95 пайызы тозған. Облыстық әкімдік өкілдері тұрғындарды жарықпен қамтамасыз етіп отырған «СевКазЭнерго» компаниясымен келіссөз жүргізіліп жатқанын айтты. Әбден тозған желілерді жаңалау жолдары қарастырылуда.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада «Run for Autism» қайырымдылық жарысы өтті
27.04.2026, 10:19
Ең ұзын тирамису Гиннестің рекордтар кітабына енді
27.04.2026, 10:17
«Сазген сазы» ансамблі Венада өнер көрсетті
27.04.2026, 10:14
Түрік оқушылары арасында Қазақстан тақырыбында сайыс өтті
27.04.2026, 10:09
Қазақстандық жас инженерлер әлемдік жарыста көш бастады
27.04.2026, 10:08
Израиль Ливанға cоққы берді
27.04.2026, 10:06
Иран-АҚШ келіссөзі өткен жоқ
27.04.2026, 10:04
Кадр даярлау мәселесі қайта қаралып жатыр
27.04.2026, 10:01