Қазақстан мен Өзбекстан арасында тауар айналымы өткен 10 айда 3 млрд доллардан асты. Еліміз көрші мемлекетпен алыс-беріс бағытында алдыңғы қатардағы үштіктен орын алды. Өткен жылы екіжақты сауда айналымы 5 млрд долларды құраса, келешекте оны 10 млрд-қа жеткізу жоспары бар. Айта кетейік, Қазақстанмен қатар Өзбекстан да Орталық Азиядағы алтын, мыс секілді бағалы металдар өндірісін жолға қойған елдердің санатында. Дайын өнім 18 мемлекетке экспортталады. Ал соңғы кезде ферромолиб өндірісі қолға алынды. Бұл қорытпа темірдің төзімділігін арттыруда таптырмайтын өнім. Оған қызығушылық танытқан елдер арасында Қазақстан, Қытай мен Қырғызстан, Жапония, Оңтүстік Корея мен Германия бар.
Мухриддин Нуриддинов, кен орнының бас технологы:
Біз кен байытудың түрлі тәсілдерін қолданамыз. Біріншісі алтынды айыру, екіншісі мыс пен молибденді байыта отырып жоғары сапалы өнім алу. Осындай тәсілдермен бағалы металдар өндірісін барынша молайтуға қол жеткіземіз.
Базаркүл Отыншиева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан мен Өзбекстан арасында тауар айналымы 3 млрд доллардан асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/185043/)