Алматыдағы инфекциялық ауруханаларда орын жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы инфекциялық ауруханаларда орын жоқ

21.11.2023

Алматыда қызылша жұқтырғандар саны артып, инфекциялық ауруханалар науқасқа толған. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Емдеу мекемелерінде мегаполиске жақын маңдағы Алматы облысы аумағының тұрғындары да жатыр. Барлығының жағдайы қалыпты дейді басқарма өкілдері.

Сондай-ақ Астанадағы жоғары оқу орындарының бірінде 13 студент қызылша жұқтырғаны анықталды. 6-уі зертханалық жолмен расталған. Шәкірттер қашықтан оқуға көшкен. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті университетте бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылдады. Қазір қауіп сейілді, араға 14 күн салып, студенттер қалыпты оқу үрдісіне көшті. 

Жалпы қазан айында ел ішінде қызылшаның өршуі байқалған. Қазір бұл инфекцияны 14 мыңнан аса адам жұқтырғаны белгілі.


Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу