Локомотивтердің тең жартысы тозған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Локомотивтердің тең жартысы тозған

21.11.2023

Елдегі локомотивтердің тең жартысы тозған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір 1880 локомотив бар. Соның 52 пайызы тозған. Қажетті локомотивтер санын қамтамасыз ету мен тозу деңгейін төмендету мақсатында биыл 133 локомотив сатып алынды. Ал 2025 жылға дейін тағы 568 локомотив сатып алу жоспарланып отыр. Меже орындалса жылжымалы құрам паркіндегі тапшылық толық жойылмақ.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу